23.09.2024, 11:30
Оқылды: 133

Жаңақалада жәрмеңке өтті

Сенбі күні Жаңақала ауданы орталығында кезекті күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.
93E57E8B-F1A4-4B3A-BF1F-D60ADA921E5E
Дәстүрлі жәрмеңкеде таңның атысымен арнайы дайындалған сөрелер лық толды. Әдеттегідей табиғи тағамдар мен балық өнімдері, ет өнімдері сатылымға шығарылды.
Бұл жолы ауыл тұрғындарын сапалы өнім, қолжетімді баға қуантты. Жәрмеңкеде төбе көрсеткен кәсіпкерлердің барлығы дерлік төмен бағаны ұстанып, аудан жұртшылығына өз пайдаларын тигізді.
8ACB3DE8-4D02-4912-9BAD-F1EA14A56084
Мәселен, ет өнімдерінен, бие мен сиыр етінің келісі 2 200 теңгеден сатылса, карась, шортан балықтарының келісі 600-800 теңге деп бағаланды.
Сонымен қатар әр аптада жұртшылыққа ұсынылып жүрген қауын-қарбыз, құрт-май, айран сынды таза өнімдердің де неше шұрайы болды.
Күннің салқындығына қарамастан, сауда алаңына жиналған біраз халық бар. Тіпті тұрғындар жәрмеңкедегі бағаның дүкен құнынан әлдеқайда арзан екенін айтып, дән риза екендерін жеткізді.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале