17.11.2025, 16:15
Оқылды: 78

Жаңақалада жас балуандардың бәсекесі басталды

Бүгін “Jastar” спорт клубында Жаңақала аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен 2014-2015 жылғы және 2016-2017 жылы туылған кіші жасөспірім ұлдар арасында ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
image-17-11-25-11-58-3
Тартысты белдесуге барлығы 12 команда қатысуда. Мемлекеттік Гимн орындалғаннан соң қонақтар таныстырылды. Олардың қатарында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева, БЖСМ директоры Дәурен Жағыпаров, жарыстың бас төрешісі, Ұлттық дәрежедегі төреші Дамир Рамазанов пен “Jastar” спорт клубының директоры Жанболат Гумаров бар.  Құрметті қонақтар қатысушыларға сәттілік тілеп, ақжарма лебізін білдіргеннен кейін аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Айзада Сейтова “Ұлы елім” әнін шырқады.  Содан соң балуандар бәсекесінің алғашқы кезеңі басталды.
Ақерке Ғилымхан, 
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале