24.02.2021, 20:57
Оқылды: 176

Жаңақалада "Жас маманға - жаңаша көзқарас" атты іскерлік алаң өтті

Бүгін Жаңақала колледжінде «Жас маман» жобасы аясында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында «Дәнекерлеу ісі» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша "Жас маманға - жаңаша көзқарас" атты іскерлік алаң ұйымдастырылды.  

20210224_205336

Іскерлік алаңға Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалы және колледждің әлеуметтік серіктестіктері қатысты.

20210224_205356
- Қазіргі кезде еліміздің экономикасының қуатын арттыру үшін еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан кәсіптік білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат - бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дамыту болып табылады. Заман талабына сай білім, білік дағдыларын қалыптастыра білген, халықаралық стандарттағы ең озық технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыстанған бітіруші түлектер, болашақта тәжірибелі маман болып, жұмыссыз қалмайтын болады, - деді БҚО білім басқармасы, білім беруді дамыту орталығының директорының орынбасары Нұрлан Сабиров.

154354919_148326123782819_4232032595149280334_n
Сондай-ақ колледждің жаңа құрал-жабдықтарымен таныстыру арқылы өндірістік сабақтан шеберлік сағыттары өткізілді. Шара соңында қатысушылар еркін микрофонда пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.

154463731_148326197116145_6305653675560884500_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале