19.10.2024, 10:00
Оқылды: 303

Жаңақалада жатыр-мойын обырына қарсы дөңгелек үстел өтті

Кеше Жаңақала аудандық ауруханасында ата-аналардың қатысуымен, күнтізбеге сәйкес енгізілген жатыр-мойын обырына қарсы 11-13 жас аралығындағы қыз балаларға екпе салу қажет екендігі жөнінде дөңгелек үстел өтті.

image-18-10-24-09-30

Алғы сөзді аталмыш мекеменің басшысы Ербол Сәрсенғалиев алып, ата-аналарда екпе бойынша толық ақпараттың болмауынан қарсы көзқарастар туындайтыны жөнінде сөз қозғады. Шара барысында дәрігер мамандар жатыр-мойын обыры туралы толық анықтама берді.

-Адам папиллома вирусы –бұл түрлі органдардың шырышты аймағын зақымдайды. Соның ішінде әйел адамдарда жатыр-мойын обырын туындатады. Статистикаға сүйенетін болсақ, елімізде осы жағдай бойынша жылына 600 жаңа жағдай тіркеліп, 150 ге жуық адам көз жұмады. Бұл вирустың түрі тек жыныстық жолмен ғана емес, тұрмыстық жанасу әрекетерінің нәтижесінен де жұғады. Мысалы, күнделікті амандасу, құшақтасу кезінде зақымдалған тері арқылы немесе босанған кезде анасынан баласына берілуі мүмкін. Яғни, вирус ылғалды жерлерде, адамдар көп шоғырланатын ортада тез тарайды,- дейді эпидемиолог дәрігер Айдана Асқарқызы.

Одан кейін онколог дәрігер Дәурен Досқалиев сөз алып, әйелдер арасында онкологиялық сырқаттану құрылымында жатыр-мойны обыры××× 2 - орында тұрғанын айтып, бұл дерттің пайда болу себептері, аурудың белгілері және диагностикасы бойынша мәлімет берді. Жиынға қатысушылар сұрақтарын қойып , өз ойларын ортаға салды.

- Баласының болашағына алаңдайтын әрбір ата-ана екпенің маңыздылығына көз жеткізіп барып, саналы түрде шешім қабылдауы қажет. Сол себептен түсінік жұмыстарын медицина мамандары ғана емес, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар да атсалысып, толығырақ ақпараттар беріп жүруіміз керек, - деді аудандық білім бөлімінің басшысы Данял Жұпмағамбетұлы.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының орынбасары Светлана Иманғалиева бұл обырға қарсы екпенің осыдан 10-15 жыл бұрын берілгенін және қазіргі таңда бұқаралық ақпараттық құралдарында айтылып жатқанын, болашақ аналардың жайсыз жайлардан аулақ болуының бірден-бір жолы екенін алға тартты.

Фариза Махамбетова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале