9.05.2024, 13:00
Оқылды: 162

Жаңақалада жерлес жауынгерлерге тағзым етті

Бүгін Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай Жаңақала ауданының басшысы Алпамыс Жаңабайұлы бастаған 18 мекеме ұжымы «Достық» алаңындағы «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жерлес батырларға тағзым етті.

image-09-05-24-11-10-1

Әрі қарай 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында және сол зұлмат соғыстың зардабынан қаза тапқан жауынгерлеріміз 1 минут үнсіздікпен еске алынды.

image-09-05-24-11-10

Жеңіс күні – абырой мен даңқымыздың мерекесі. Отан үшін жанын қиған жауынгерлердің ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.

image-09-05-24-11-10-2

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале