13.02.2025, 9:00
Оқылды: 261

Жаңақалада жоспарлы ота сәтті аяқталды

Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Даурен Асылбекұлының ұйымдастыруымен, хирург Азамат Арыстанұлының жетекшілік етуімен жаңақалалық тұрғынға жоспарлы ота жасалды.

477134494_2118316308622033_5533407421097920310_n

Шағымдар мен аурудың тарихын, объективті, УДЗ, рентген тексерулерді және зертхананың мәліметтері бойынша - диагноз қойылған. Науқастың диагнозы созылмалы өт тас ауруы. Отаның түрі лапаротомия, холецистэктомия.

Науқас жоспарлы операциялық емдеуге жатқызылып, отадан сәтті өтті. Сәтті жасалынған ота нәтижесінде науқас палатаға ауыстырылып, тұрақты емін қабылдауда. Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты. Ота жасаған құрам хирург Адиетов Оркен Мынжасович, хирург-ассистент Нуппаев Дамир, анестезиолог-реаниматолог Кукенов Даурен, анестезист Шакетов Жандос, операциялық мейірбике Ерланова Гулбану, санитарлық тазалықшы Махметова Күнсұлу.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале