2.05.2018, 11:36
Оқылды: 50

Жаңақаладағы мерекеге 4000-ға жуық адам қатысты

Жаңақала ауданында «Қазақстан – халықтар достығының мекені» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік кеш «Жеңістің 30 жылдығы» көшесінен бір шаңырақ астындағы түрлі этнос ұлт өкілдерінің шеруімен басталған болатын. Шеру аудан әкімі аппараты ғимаратында орналасқан мемлекеттік мекемелер, Жаңақала колледжі МКҚК, ауданымыздағы мектеп-балабақша ұжымдары, Жаңақала ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері бастаған рухани орталықта орналасқан мекемелер, медицина саласының қызметкерлері, желілік өндірістік басқарма ұжымы, ауданымыздағы халыққа қызмет көрсететін басқа да мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Сонымен қатар биыл аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Домбыра – дастан» жобасы қолға алынғанын айта кету керек. Ауданымыздың балғын домбырашыларының ойнауында Кұрманғазының «Балбырауын» күйімен мерекелік шеру қорытындыланды.

Бірлік күніне ұйымдастырылған шара халықтық мереке түрінде өткенін зор мақтанышпен айта аламыз. Себебі шеруге кейбір мекемелерден 350-ге жуық адам қатысып, мерекелік шараны тамашалауға алаңға келген 4000-ға жуық көрермен соның дәлелі.

Салтанатты шара аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлының аудан тұрғындарын құттықтау тілегімен жалғасты.

Содан соң ауданымыздың тұрғындары «Достық» алаңында жалпыхалықтық мейрамда бір шаңырақ астында орналасқан мекеме ұжымдарының дайындаған әр ұлттың ән-би концерттік бағдарламасын тамашалап, ұлттық тағамдары ұсынылған ақ дастарханынан дәм татты.

Айта кету керек, ауданымызда қазақ ұлты, орыс, неміс, татар, ұйғыр ұлтының өкілдерімен қоса 78 адам басқа этнос адамдары мекен етеді.

 

Айтолқын Асқарқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале