Белгілі қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың атынан «Сәби» қайырымдылық қоры Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жолдаған болатын.
Көмек ретінде жіберілген дәрі-дәрмектер Жаңақала ауданына да келді. Қомақты қаржыға Ресейден алынған дәрі-дәрмектердің ішінде "Парацетамол", "Цефтриаксон", "Курантил", "Найс", "Верошпирон", "Мукалтин", "Азитромицин", "Бромгексин", "Кардиомагнил", "Клексан" бар.
- «Сәби» қоғамдық қоры мен Иманғали Тасмағамбетов ағамызға аудан жұртшылығы атынан алғыс айтамыз. Бұл - біз үшін зор көмек. Дерттің өршіп тұрған уақытында нағыз керекті дәрілерді жолдап отыр. Келген дәрі-дәрмектер індетті азайтуға, алдын алуға септігін тигізеді деп ойлаймын, - дейді аудандық аурухана директорының медицина ісі жөніндегі орынбасары Д.Асылбекұлы.
Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz