Астана қаласында V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатында және мәслихаттардың 30 жылдығына орай тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» үшін республикалық турнир ұйымдастырылды.
Жарысқа мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты.
Ағайынды Аяжан мен Саяжан Біржанқыздары аталмыш турнирде Жаңақала ауданының абыройын асқақтатып, бас жүлдені иеленді. Аға бапкер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Маратұлы жетекшілік ететін қос ару тоғызқұмалақтан БҚО ересектер арасындағы командалық чемпионаттың жеңімпаздары.
Республикалық жарыста жерлестерімізге қолдау көрсеткен – аудандық мәслихат пен төрағасы Қамбар Қаменов.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы