18.06.2021, 10:38
Оқылды: 318

Жаңақалалық Аман – білікті жас маман

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: «Мемлекеттік қызметші – жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие болуы шарт, яғни мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болуы тиіс» деп ерекше ден қойған. Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір.

 аман

Мерекеге орай жұмысына бар ынтамен, үлкен жауапкершілікпен қарайтын сала маманын сөз етпекпіз. Өз жұмысын асқан тиянақтылықпен, ұқыптылықпен атқаратын мемлекеттік қызметшілердің бірі – Аман Серікқалиев.  Ол 1991 жылы Мәстексай ауылында дүниеге келген. Жастайынан дәрігер болуды армандаған кейіпкеріміз белгілі себептермен медицина саласына бара алмаған. Алайда бұған мойымай, 2009 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне оқуға түсіп, 2013 жылы «Техника және технологиялар бакалавры» мамандығы бойынша біліп алып шығады. Табиғатынан еңбекқор азамат алғаш еңбек жолын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің заңгер-кеңесші маманы болып бастайды. Содан 2017 жылдан бері аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді. Сол жылы халыққа адал қызмет етуге ант қабылдайды. Бұл бөлімнің жұмысын тез еңсеріп кеткен Аман Серікқалиұлы өз ісіне деген жауапкершілігінің арқасында мемлекеттік қызметтің қызығы мен қиындығына әбден қанықты.

- Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – елімізге, туған жерімізге, халыққа қызмет ету деп ойлаймын.Адал еңбек етіп, елімізді дамытып, жоғары деңгейге жеткізіп, мемлекеттің мүддесін қорғау керек. Ең бастысы, біз халықтың қызметшісі екенімізді естен шығармауымыз қажет.Халықтың алдында өздерін қалай ұстайды, ортада сөйлеу, жүріп-тұру секілді мемлекеттік қызметшінің имиджін жасайтын мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек. Сондай-ақ ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек, - дейді ол.

Аман Серікқалиұлының ағалары да мемлекеттік қызметте елеулі жұмыс істеген. Жаңақала колледжінде қызмет атқарып, қазіргі таңда балаларының күтімімен декреттік демалыстағыжан жары Сандуғаш Иманғалиевамен екі ұл тәрбиелепотырғанбақытты жанұя. Кейіпкеріміз болашақта балалары мемлекеттік қызметті таңдап жатса, қарсылық танытпай, керісінше, қолдау білдіретінін айтты.

«Өйткені әкеміз бала кезден миымызға солай құйып өсірген. Халықтың алғысын алып, халыққа қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Балаларымның таңдауына құрметпен қарап, әркез қолдауға тырысамын», - дейді.

 

Жаннұр Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале