Кеше БАҚ өкілдерінің мерекесіне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев қоғамда өлшеусіз еңбектері бар қарымды қаламгерлерді арнайы қабылдады. Салтанатты жиынға сәулелі ғұмырының 30 жылдан астам уақытын жергілікті «Жаңарған өңір» газетіне арнаған Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Өмірзақ Ақбасов арнайы шақырылды.
Қарапайым халықтың мұң-мұқтажын еш қымсынбастан басылым бетіне жариялап, 17 жыл редакторлық қызметінде өңір газетін алғы шептен түсірмеген ардагер-журналиске Облыстық Журналистер Одағының төрайымы Клара Қамбетова «Қазақстанның құрметті Журналисті» төсбелгісін табыс етті.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы