29.01.2021, 9:20
Оқылды: 77

Жаңақалалық азаматтарға алғыс хат табысталды

Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин өкілеттілігі аяқталған VI шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Аудан басшысы Наурызбай Қадырбайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті оң бастамаларды қабылдауда депутаттардың еңбегі жоғары екендігін атап өтіп, жауапты қызметте осы уақытқа дейін бірлесе жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.

 Алғысын білдірді

- Ауданның бюджетін қалыптастыруда және мақсатты жұмсалуына үлес қосқандарыңызға, биылғы жылы елімізде орын алған пандемия кезінде де аудандағы түрлі қайырымдылық шараларында белсенділік таныттыңыздар.

Сонымен қатар аудандағы атқарылған құрылыс, жөндеу жұмыстарына өздеріңіздің тараптарыңыздан депутаттық бақылау жасап, жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңізбен абыройлы да жемісті еңбектеріңіз үшін аудан жұртшылығы мен әкімдігі атынан шын жүректен алғысымды білдіремін, - деді аудан әкімі Н.Қадырбайұлы.

Алғысын білдірдіі

Жиын барысында аудан әкімі Н.Қадырбайұлы азаматтық қоғамды ілгерілету бағытында еселі еңбек еткен халық қалаулыларына алғыс хат табыс етті.

Жиында аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали сөз алып, әріптестерінің жылдар ішіндегі жемісті жұмысын атап өтіп, аудан басшысына алғысын жеткізді.

 

Ақсәуле Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале