Бірнеше жылдан бері маусым айының үшінші жексенбісі ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі ретінде республикамыздың түкпір-түкпірінде аталып өтіп келеді. Осыған орай аудандық аурухана ауласында медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлихан Декартұлы, аудандық аурухананың директоры Сержан Есенгубеков және медицина ардагерлері қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үлкен табыстарға жетулерін тіледі.
Сондай-ақ «Пациент таңдауы - 2021» онлайн байқауының жеңімпаздарын, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін бірқатар медицина қызметкерлерін облыстық кәсіподақ ұйымының және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары және медицина саласының қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Мұнан кейін аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлихан Декартұлына сөз беріліп, ол да аудандық денсаулық сақтау саласының біраз қызметкерлеріне құттықтау хат табыстады.Одан әрі аудандық аурухананың директоры Сержан Серікұлы, медицина ардагері Разия Төлегенқызы медицина саласының қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік кеш «Толағай» сайысымен жалғасты. Жарыс нәтижесінде III орынды «Стационар командасы» місе тұтса, «Әкімшілік командасы» II орынды иеленді. Ал «Емхана командасы» I орынды жеңіп алды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдармен естелік сыйлықтар табысталды.
Ақсәуле Сексенбайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz