6.02.2020, 18:15
Оқылды: 48

Жаңақалалық кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады  

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі менің санамда мәңгі жатталып қалғандай.

janaqala ui (1)

Осындай азаматтар өз ортамыздан табылып, жағдайы төмен отбасылардың жанына жылу сыйлап, қолдау көрсетіп жатса, қалайша мақтанбассың! Ауылдағы «Достар» шаруа қожалығының жетекшісі Думан Қарағойшин сондай жандардың қатарынан табылып отыр. Нақтырақ айтсақ, Жаңа жыл қарсаңында ол ауыл тұрғыны Артур Рысбаевтың жанұясына өз қаржысына үй салып берді. Осынау көпбалалы отбасының қоныстойына біз де арнайы қатысып, қазақы дәстүрмен шашу шаштық. Үй иелерінің сол сәттегі қуанышын көзбен көрсеңіздер ғой, жүрекжарды лебіздерін жеткізудің өзі бір мұң болғандай.

janaqala ui (2)

Иә, қарапайым қожалық иесінің бұл бастамасы өте құптарлық, өзгелерге үлгі боларлық іс деп ойлаймыз. Ауылымызда осындай қолдауға мұқтаж отбасылар жоқ емес. Тек оларға Думан сияқты қолұшын созар азаматтарымыз көп болғай теп тілейік.

Эльвира Сисекешева,

№3 Жаңақазан ауылдық округі

бойынша мәслихат депутаты,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале