Жақында Қазақстанның халық жазушысы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай жас ақындардың облыстық онлайн жыр мүшәйрасы өтті.
Осы сайыста ерекше ақындық шығармашылығымен жүзден жүйрік танылған жаңақалалық Марлен Ғилымхан бас жүлдеге қол жеткізді. 15 пен 30 жас аралығындағы жастардың арасында өткен жыр додасының екі кезеңінде де жерлес жас ақын оқ бойы озық шығып, қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтің қолы қойылған дипломға ие болды. Айта кету керек, талапты жас М.Ғилымхан талай мәрте аудан атын облыс, республика көлемінде танытып жүр.
Жанайдар Жұмағұлов,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер