Уәли Ғұбашев – Жаңақала орта мектебінің мұғалімі. Кеше түстен кейін редакциямызға арнайы келіп, бес отбасын аудандық газетке жаздырып кетті.
- Ауданымыздың айнасы "Жаңарған өңір" газетіне жазылу жүріп жатқанын әлеуметтік желіден білдім. Мен де жазылу науқанына өзімнің үлесімді қосайын деп арнайы келіп отырмын. Аудан көлеміндегі мәселелерді орынды көтеріп, халықтың мұң-мұқтажын жазып, ел ішіндегі жаңалықтарды шұғыл беріп отыратын газетімізге үлес қосуды азаматтық парызым деп білемін, – дейді Уәли бауырымыз.
Уәли секілді елдің рухани тынысына бейжай қарамайтын жерлестеріміз көп болса, аудандық газеттің талай шаңырақтың төрінен орын аларына сеніміміз мол.
Ж.Жұмағұлов,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер