Орал қаласында ақын, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Айтқали Нұрышқалиұлы Нәріковтың 85 жас мерейтойына арналған “Желмая жылдар жемісі” атты облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті.


Ақынның шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға өлең десе ішкен асын жерге қояр жаңақалалық жас дарындар да қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жанынан құрылған, Ақерке Ғабдуллина жетекшілік ететін “Тыңда жүрек” үйірмесінің мүшелері Айнара Асқар І орынға ие болса, Аяулым Қанатқали “Ұшқын” номинациялық дипломына лайық деп танылды. Жүлдегерлерге арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы