Ақтөбе қаласында өьткен халықаралық «Тоника» байқауына Қ.Жантілеуов атындағы Жаңақала аудандық саз мектебінің домбыра, фортепиано сыныбының оқушылары қатысты.
Екі күнге созылған байқаудың алғашқы күні фортепиано сыныбының оқушысы Құсайынова Дильяра (жетекшісі Надежда Рахметтоллақызы) жүлделі III орынды алса, жарыстың екінші күні домбыра аталымынан Молдашева Айдана мен Габдуллина Ботагоз (жетекшісі Ханзада Самиғалиқызы) III орынды қанжығалады.
Ал орта топта өнер көрсеткен Дәулетұлы Данат (жетекшісі Нұртас Ғарифоллаұлы) III орыннан көрінсе, кіші топтан өнер көрсеткен Жаданова Әдемі «жетекшісі Ханзада Самиғалиқызы) жүлделі II орынға ие болып қайтты.
Надежда ЕСЕТОВА,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz