18.01.2021, 9:32
Оқылды: 39

Жаңақалалық палуан жарыстан олжалы оралды

Жуырда дзюдо күресінен жаңақалалық палуан Гүлназ Серікқалиева +70 келі жоғары салмақтан қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. 2004-2006 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Батыс Қазақстан облысының оқу-жаттығу чемпионатына 14 команда қатысып, 200-ге тарта жас палуан бақтарын сынаған.

Олжалы оралды

– Бұл жарыстың жөні бөлек. Іріктеу кезеңінен қоржынымыз бос қайтқан жоқ. Гүлназ Серікқалиева деген шәкіртім жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Финалдық бәсекеге шығу үшін Бәйтерек ауданының палуанын таза жеңіспен ұтса, финалда облыстық спорт интернаттың әккі палуанынан айласын асырды. Алдағы уақытта бұл шәкіртімнен үлкен үміт күтемін, – дейді жаттықтырушысы Замир Батыров.

Жанайдар Жұмағұлов,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале