Қазақстан Республикасы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жастар жылы аясында еліміздің оқушылары мен студенттері және магистранттарын қолдау мақсатында тұңғыш рет «Үздік студенттер академиясы» жобасын ұйымдастырды.
Аталмыш жобаға Жаңақала ауданы орталығында орналасқан №3 қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Саясат Жарасов қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде дарындылығы және көшбасшылық қабілеті үшін «Үздік студенттер академиясының мүшесі» белгісіне ие болып, куәлік берілді. Саясат Садуақасұлына «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ә.Сатылғановтың атынан құттықтау хат табысталды.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress