30.10.2021, 20:52
Оқылды: 131

Жаңақалалық Темірлан жас күйшілер байқауында жүлдегер атанды

28-29 қазан күндері Орал қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Күй – тектілік тереңі» атты облыстық жас күйшілер байқауы өтті. Жаңақала ауданының атынан қатысып, бақ сынаған Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің домбыра сыныбы оқытушысы Темірлан Сыралиев «19-29 жас ерекшелігі» бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

3C16DA9F-0644-42BF-920F-4E467A0FFC50

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Д.Имашевтің қолы қойылған дипломға және ақшалай сыйлыққа ие болған Темірлан осы жарысқа жақсы дайындалып барғанын жеткізді. Күй конкурсының деңгейі, іріктеу кезеңі және финалдық бәсеке туралы Т.Біржанұлының ұстазы Ертай Ғұбайдуллиннен сұрап білдік.

0BF1EDF0-0E99-4AAC-9CD7-0542C7192DFF

- Бұл жас күйшілер конкурсы өте жоғары деңгейде болды. Дина әжеміздің «Бұлбұл» күйін нақышына келтіріп орындаған шәкіртім, іріктеу кезеңінен іркілмей өтті. Республикалық деңгейде жүлде салып жүрген мықты домбырашылар сынға түскен сайыста Темірлан шәкіртім өзінің мол тәжірибесін, жүйелі дайындығын толықтай көрсете білді. Финалдық сайыс Атамекен өнер ордасында өтіп, ол жерде де керемет өнер көрсетті. І, ІІ, ІІІ орын тек бір мәрте ғана берілді. Осының өзінен-ақ байқаудың деңгейі мықты болғанын, жүлде алудың өзі оңай еместігін түсінуге болатындай. Алдағы уақытта Темірланнан үлкен үміт күтемін, - дейді Ертай Аманжолұлы.

Жанайдар Болатбекұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале