1.10.2020, 11:29
Оқылды: 112

Жаңақалалық тіл жанашырлары марапатталды

Бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығында Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар легі «Тіл – тұтастық туы» атты салтанатты шарамен тәмам болды.

Janakala (1)

Халқымыздың рухани байлығы, өткені мен бүгіні, болашағы саналатын тілдің мәртебесін асқақтату мақсатында ұйымдастырылған қорытынды шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов және ана тіліміздің абыройын асырып, мерейін тасытып жүрген аудандағы тіл жанашырлары қатысты.

Janakala (2)

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы сөз сөйлеп, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғысхатымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ұстазы Салтанат Борашеваны, «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Алтынбек Ермекқалиев пен ұлағатты ұстаз Айкөркем Мұханбетованы марапаттады. Ал республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жүлдегерлері атанған жерлес ақындарымыз Сыйлыхан Жұмасалық пен Мәрлен Ғилымхан аудан әкімінің құттықтаухатына ие болды. Сонымен қатар «Туған жерім – тұғырым» атты қашықтан өткен шығармалар байқауынан ІІ орын алған Назкен Қуанова мен сол байқауда дипломант атанған Дильназ Ғинаятоваға диплом мен шағын естелік сыйлықтар табыс етілді.

Әселханым Ғайнеден,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале