Бүгін еліміз бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы басталды.
Жаңақала ауданының тұрғындары үшін 3 дауыс беру, яғни №127, 128, 135 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жасауда.
Барлық дауыс беру жерлерінде комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы, комиссия мүшелері және бақылаушылар дауыс беру науқанын әділ, тәртіпке сай өтуін қадағалап, заң бұзушылықтарды болдырмауда. Сондай-ақ дауыс берушілер үшін жасырын дауыс беруге арналған кабина, учаскелік сайлау комиссиясының ақпараттық стенді және ақпарат тақтасы жасақталған. Таңғы сағат 7:00-де сайлау орындары өз жұмысын бастап кетті.
Алдымен Әнұран шырқалып, дауыс берушілер өз таңдауын жасап дауыс беруде.