Таяуда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тоғызқұмалақ пен шахматтан облыстық онлайн турнир өтті. Жарыстың мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты қоғам қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің ынтымақтастығы мен іскерлік қарым-қатынасын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Тоғызқұмалақтан ерлер арасында ауылдық әкімшіліктің жетекші маманы Сыйлыхан Жұмасалық қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Жеке бапкері – Қайрат Шаутенов. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы Әсемгүл Ғұбайдуллина шахматтан әйелдер арасында І орын алды. Ол былтырғы жетістігін тағы да қайталап, осымен екі мәрте облыстық онлайн турнирдің жеңімпазы болды. Жеке бапкері – Жанайдар Жұмағұлов.
- Бұл турнир жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Еліміздегі жағдайға байланысты екінші жыл қатарынан онлайн түрде өтіп жатыр. Тоғызқұмалақтан Сыйлыхан Жұмасалық жақсы өнер көрсетті, дайындығымыз өз нәтижесін берді. Ал, Әсемгүл Ғұбайдуллина мемлекеттік қызметшілер арасында екінші мәрте облыста өзіне тең келер қарсылас жоқ екенін дәлелдеді.
Жаңақақалықтардың спорттағы алар асулары көп болсын, - деді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесінің бапкері Қайрат Маратұлы.
Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz