Ауданымыз жылдан-жылға көркейіп, ауылдық округтерде де бірнеше ғимараттар салынып, ел игілігіне берілуде. Нақтырақ айтсақ, Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округінде жуырда жаңа тойхана бой көтерді. Жаңақала өңірінің төл перзенті Жұмагелді Әлекешов жерлестері үшін ішінде жастарға демалыс орын мен қыз-келіншектерге әсемдік салонымен бірге 250 орындық тойхананы салып бастаған болатын. Бүгінде құрылыс сәтті аяқталып, заман талабына сай «Әділет» тойханасының ашылу салтанаты өтті.
Қуанышты жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, облыстық мәслихат депутаты Исатай Есетұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері Закария Сисенғали, Жаңақазан ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ақжарқын Ғаниева, аудандық мәслихат депуттары Едіге Текебаев, Серік Жәрдемалиев және ауылдың ақсақалдары, тойхана иесінің ағайын-туғандары қатысты. Аудан басшысы Д.Әмірханұлы мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері З.Жүсіпқалиұлы ақжарма тілегін білдіріп, сәттілік тіледі. Одан әрі аудан әкімі Дархан Әмірханұлы мен тойхана иесі Жұмагелді Оразайұлы лента қию рәсімін жасап, қонақтар «Әділет» тойханасына кіріп, жайылған ақ дастарқанға жайғасты. Алдымен ауылдың молдасы Құран оқып, ақ батасын берді. Қуанышты жиынға арнайы келген кеш қонақтары жылы лебіздерін білдіріп, құттықтап жатты.
Ж.Хайрушева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz