Бүгін Шыңғырлау ауданында жаңа жанар-жағар май станциясы ашылды.
Елімізде белгілі «VenOil» ЖШС жанар-жағармаймен қамту желісіне қосылған жаңа нысан «Самара-Шымкент» тас жолының 503-ші шақырымында орналасқан. Нысан иесі осы өңірдің тумасы, астаналық Ләззат Ақтаубаева. Станция қуаттылығы бір мезетте 10 көлікке қызмет көрсете алады. Көлікке қажетті бензиннің АИ95, АИ92 түрі, дизельдік жанармай және газ отыны да қарастырылған.
Станция ғимаратында шағын маркет қызмет көрсетеді. Жолға жеңіл азық-түліктер мен тіскебасарлар, көлік аксессуарлары, ұзын жолда қажетті құрал-жабдықтарды осы шағын маркет сөрелерінен табасыз.
17 жұмыс орны ашылған жаңа нысанда қазір 12 жергілікті тұрғын жұмысқа алынған. Әлі де бос орындар бар.
Нысан құрылысын «Архар-бизнес» ЖШС жүргізген. Жолаушыларға қолайлы автотұрақ алаңы жасақталған.
Қаршыға Аcу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz