26.08.2023, 16:46
Оқылды: 47

Жаңатаңнан шыққан шахтер

Тамыз айының ең соңғы жексенбісі 27 тамыз — Шахтер күні. Жер қойнауынан кен өндіріп, өмірін қауіпке тіккен азаматтардың еңбегі еленбеуі мүмкін емес. Біздің де елімізде кен орындарында еңбек етіп жүрген шахтерлер аз емес. Соладың бірі Казталов ауданы Болашақ ауылдық округіне қарасты Жаңатаң ауылының тұрғыны — Артур Берікқалиев.

IMG-20230824-WA0011

Кәсіби мереке қарсаңында Артур бауырымызбен кездесіп, әңгімеге тартқан болатынбыз.
—Мен екі жылдан бері Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы кен орнында «АлтайМедиаГрупп» ЖШС-де шахтер болып қызмет жасаймын. Жұмысым вахта әдісімен. Яғни, 15 күн жұмыс, 15 демалыс. Біздің шахтада хром кені қазып алынады. Жер бетінен 300 метр тереңдікке түсіп, одан әрі 1 шақырымға тағыда жер қойнауына енеміз. Жер астындағы жұмыс оңай деп айта алмаймын, дегенмен, өзіме ұнайды. Соның арқасында отбасымды асырап отырмын. Барлық әріптестерімді келіп жеткен кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын!-деп ағынан жарылды кейіпкеріміз.

IMG-20230824-WA0018
Расында шахтер мамандығы қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап етеді. Еліміздегі кен орындарында қызмет жасап, отандық экономиканың тиімді өркендеуіне және елдің энергетикалық әлеуетінің нығаюына атсалысып жүрген барша азаматтардың еңбегі жана берсін!

photo-output

photo-output
Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале