12.12.2024, 10:30
Оқылды: 152

Жаңажолдық көпбалалы ана грант алып, кәсібін ашты

Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің қанат жаюы — ел экономикасын алға ілгерілетудің нақты шарты екені белгілі. Мемлекет халықтың кәсіпкерлікпен айналысу үшін бар мүмкіндік туғызып, әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырып келеді. Соның арқасында өзінің кәсібін бастауға ниетті азаматтардың саны жылдан жылға көбеюде.
image-11-12-24-05-09
Жаңажолдық көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері Жадыра Қосжанова аудандық Мансап орталығы арқылы наубайхана ісімен айналысу үшін мемлекеттен 1315000 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болды.
Қазіргі уақытта Жадыра мемлекеттік бағдарламаның арқасында шағын кәсібін ашып, табыс тауып отыр. Алынған қаражатқа кондитерлік өнімдер дайындайтын арнайы пеш, түрлі қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған.
image-11-12-24-05-09-2
– Бұрын жеке кәсіп ашу – күрделі мәселелердің бірі болатын. Бүгінде мемлекеттің қолдауы арқасында бизнес бастауға көптеген мүмкіншіліктер қаралған. Жұмыста жүрген қыз-келіншектің қонақ шақырғанда, той- домалақтарға арнап түрлі тәтті тағамдарды қолдан дайындауға уақыты тапшы болып жатады. Сондай уақытта өздеріне керекті мөлшерде тапсырыс беріп, түрлі тәттілерді пісіртіп жатады. Бұрын қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығынан кондитерлік өнімдерді пісіруде біраз қиналып қалатынмын. Шүкір, қазір кәсібім алға басып келеді. Тұтынушыларым риза болып:  «Тапқан табысыңның берекесін берсін» деп алғыстарын айтып кетеді, - деді жеке кәсібін ашқан көпбалалы ана.
Бүгінде мемлекеттік қайтарымсыз грантқа өтініш берушілер мен жеке кәсіпкерлікпен айналысуға қызығушылық танытушылар саны артып келеді.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале