27.05.2021, 17:53
Оқылды: 155

Жаңажолдық түлектер жарап тұр

Өздеріңізге белгілі, мерзімді басылымға жазылу науқаны жалғасуда. Арамызда аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қамкөңіл қарияларға қолдау көрсетіп жатқан жомарт жандар да жоқ емес. Солардың бірі – Жаңажол ауылында 1974 жылы туған азаматтар. Мектеп бітіргендеріне 30 жыл толу құрметіне олар 10 отбасыны аудандық «Жаңарған өңір» газетіне жаздырып, демеушілік жасады.

0F5570C6-DDA4-4D98-BEF6-195FF20DE0BB

Шығармашылық ұжым атынан 30 жылдық түлектерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілейміз.

Ақсұңқар Сәдір,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале