Жаңақала ауданының Қызылоба ауылына қарасты Жангелді елді мекені көгілдір отынмен қамтылды.
Жангелді ауылына газ құбырын тартқан «БатысКотлоМонтаж» ЖШС жұмысты межелеген уақытында бітірді. Жоба құны 122 286 470 теңге.
Көгілдір отын алауын жағуға арналған жиында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ауыл тұрғындарын құттықтады.
Жангелдінің төріндегі алғашқы көгілдір отынның алауын аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы мен еңбек ардагері Кеңес Қадыралиев жақты.
Ақсұңқар Сәдір,
Жаңақала ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер