24.09.2024, 16:00
Оқылды: 125

Жәнібек әкімдігі бас дәрігерді мерейлі жасымен құттықтады

Бүгін денсаулық сақтау саласының үздігі, талай дерігерлерге ұстаз бола білген Жәнібек аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Сәуле Исмағұлова мерейлі 60 жаска толды. Аудан әкімдігінде өмірінің 35 жылын медицина саласына, ана мен бала денсаулығын қорғауға арнаған Сәуле Мағауятқызын аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов арнайы құттықтады.

BED326D5-BB99-45C3-B610-10EA86A9592F

«Құрметті Сәуле Мағауятқызы, сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! 60 жас – даналыққа, тәжірибеге және жетістіктерге толы тамаша жас. Сіздің біліміңіз, кәсібилігіңіз және пациенттерге деген сезімталдығыңыздың арқасында мыңдаған әйелдерге ана болу бақытын табуға көмектесті. Сіз тек жоғары дәрежелі дәрігер ғана емес, сонымен қатар жас мамандарды тәрбиелеген талантты ұстазсыз. Осы айтулы күні сізге зор денсаулық, сарқылмас қуат, жаңа кәсіби жетістіктер, отбасылық амандық және ең қымбат тілектеріңіздің орындалуын тілеймін!», - деген Жақсылық Каримоллаұлы туған күн иесіне аудан әкімінің құттықтауы мен естелік сыйлығын табыс етті.

BEBE3643-9302-4A78-81C5-C8886DBDDA10

Құттықтау салтанатына қатысқан «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев те сөз алып, Сәуле Исмагұловаға жүрекжарды тілегін жеткізді.

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале