18.02.2025, 17:45
Оқылды: 198

Жәнібек аудандық полиция бөліміне жаңа көлік сыйлады

Аудан әкімдігі тарапынан полиция қызметкерлеріне материалдық және техникалық жағынан қамтылуына барынша қолдау көрсетіліп келеді.
image-18-02-25-04-51-1
Бұдан бұрын аудан әкімдігі полиция бөлімі ұжымының мінсіз қызметін жоғары бағалап, қызмет бабында жеделдікке қажетті заманауи 9 компьютерді сыйға тартса, бүгін міне полиция бөлімінің жұмысын жақсарту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджет есебінен жаңа автокөлік сыйлады.
image-18-02-25-04-51
Осы орайда бүгін аудандық полиция бөлімі ғимаратының алдында салтанатты шара өтіп, аудан әкімі Тимур Шиниязов жаңа автокөлік кілтін аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жанболат Мұқашевке табыстады.
image-18-02-25-04-51-2
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале