3.01.2019, 11:00
Оқылды: 27

Жәнібек ауданы 100 пайыз газбен қамтылды

Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Өнеге елді мекені табиғи газбен қамтылды. Шараға аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, құттықтады.

janibek (4)

-Өткен жыл аудан үшін табысты болды. Таяуда Майтүбек, Жұмаев елді мекендеріне табиғи газ берілді. Енді сіздің елді мекенді де көгілдір отынға қосқалы тұрмыз. Мұның бәрі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жүзеге асып жатыр. Соның нәтижесінде аудан биыл 100 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етілді,- деді аудан әкімі.

Табиғи газдың алауын әкімі Азамат Сафималиев пен елді мекен тұрғыны, еңбек ардагері Нұрболат Қаресов жақты.

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале