26.12.2023, 20:00
Оқылды: 10

Жәнібек ауданы: 26 адам есептен шығарылды

Кеше Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисеновтың төрағалығымен консультативтік-кеңесші органның төртінші тоқсандағы отырысы өтті.

FB_IMG_1703597984256

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жасалған рецедивті қылмыстар және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Жәнібек аудандық пробация қызметінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы аудандық пробация қызметінің инспекторы Нұрлыбек Қуанышқалиев баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан аудандық пробация қызметінің есебінен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес 66 адам тіркеуден өтті. Соның ішінде 47 адам бас бостандығын шектеу жазасы, 5 адам шартты түрде, 1 адамның жазасы кейінге қалдырылған, 4 адам қоғамдық жұмыс жазасына тартылған, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 9 адам айырылған. Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес 40 адам тіркеуде тұр. Жыл ішінде 26 адам есептен шығарылды.

IMG-20231226-WA0120

Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектерді ұйымдастыру жөнінде 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы айтты.

Мирболат Бауыржанұлы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектерді ұйымдастыру шараларын келесі жылы да жоспарлы түрде орындауды тапсырып, жиынды қорытындылады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале