17.11.2023, 16:15
Оқылды: 53

Жәнібекте 40 бейнекамера орнатылды

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов пен Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаевтың атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындарға есеп беру жиыны өтті.

400709057_880989770697365_2251093576585266884_n

Ауыл әкімі Абзал Бақытұлы Жәнібектегі ел игілігі үшін жүзеге асқан жұмыстарды баяндаса, Мирболат Бауыржанұлы аудан мен шалғай ауылдардың жағдайына тоқталды.

- Орталық бойынша осы жылы 9 жобаны жүзеге асыруға ниеттендік. М. Ықсанов, И. Жұмаев, Водстрой, Тоғыз үй көшелерін жарықтандыру, темір жолдың арғы бетіндегі мұсылмандар зиратын қоршау, жағажай құрылысы, И. Жұмаев көшесіне балаларға арналған ойын алаңын салу, түлектер саябағын қалыпқа келтіру, үш көшеге қоқыс жәшіктерін орналастыру, мал моласын қоршау сынды жұмысқа білек сыбана кірістік. Бірі аяқталып, ел игілігіне жол тартса, енді бірі уақытты талап етеді. Ауылда барлығы керемет деп жалған ақпарат ұсынудан аулақпын. Дегенмен аудан орталығы күн санап көркейіп жатқанын сіз бен біз жоққа шығара алмаймыз. Тұрғындарға да керемет мүмкіндіктер беріліп, өз кәсібін дөңгелетіп кеткен жандардың қатары артты. «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 37 кәсіп ашуға құштар түрғынның құжаттары тапсырылды. Сондай-ақ 25 азаматқа 12 550800 теңге несие берілді. Қалған тұрғындар ақшаларын жақын арада алады. Мал шаруашылығы, көлік жөндеу, өрнектас жасау, ет өңдеу сияқты бағыттарға ұмтылған облыстан келген мамандар түсінік жұмысын жүргізді, - деген ауыл әкімі жағымды жаңалықтармен сүйіншіледі.

401726126_880989924030683_5966068424087131835_n

 Бірақ мал азығы бойынша жағдай қиындау екенін де тосылмай айтты. Айтуынша, шартты мал басына есептегенде 8 мың тоннадай шөп қажет. Осы жылы бар әлінше жиналған һәм өткен жылдан қалған шөпті негізге алып, қыстан шығауға бірлік танытайық деген ойын айтты. Сонымен қатар ауыл бойынша 40 бейнекамера орнатылғанын да жеткізді. Қоқысты әр бұрышқа тастап, ауыл тазалығына бейқам қарайтын жұртты тазалыққа шақырып, камера барын ескертті. Кездесуде аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жанәлиев баяндама жасап, аудан көлеміндегі жол құрылыстарын тізбелеп шықты. Әрмен қарай жиын тұрғындар сұрағына ұласты. Көбі темір жолдың арғы жағына көңіл бөлінбейтініне наразы. Ми батпақ боп жатқан көшелерге жол жабынын төсеуді сұраған көше тұрғындарына басшылар үн қатты. Одан өзге ауыл жұртшылығының титығына  қанғыған иттер тиеді. Балаларын мектепке жіберуге қорқатын ата-аналар бұл мәселенің тезірек алдын алуды сұрады.

401774563_880989837364025_60430596817904780_n

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале