Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязовтың өкімімен Райгүл Тастенова Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Аудан басшысы оны ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Райгүл Исатайқызы өзіне жүктелген қызметті абыроймен атқаратындығын жеткізді.
Райгүл Исатайқызы 1968 жылы Жәнібек ауданы, Жасқайрат ауылында дүниеге келген. 1974-1988 жылдары Т.Жароков атындағы орта мектебінде білім алған. 1988 жылы Ресей Федерациясының Галич қаласындағы Галич совхоз техникумын «Агрономия» мамандығы бойынша, 2007 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Экология» мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 Жәнібек ауданындағы құрылыс техникалық басқармасында диспетчер қызметінен бастаған. 1995-2009 жылдары Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінде бас маман, 2009-2012 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылығы жұмыс бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында болған.
2012 жылдың мамыр айынан бастап Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман қызметін атқарған.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы