21.05.2024, 23:29
Оқылды: 91

 Жәнібек ауданы әкімі Тау ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгінге жоспарланған екі есептік кездесудің бірі Жәнібек ауданына қарасты Тау ауылдық округінде өтті. Мәдениет үйінде өткен кездесуге аудан әкімі Тимур Шиниязов, ауыл тұрғындары мен дербес бөлім басшылары қатысты.

image-21-05-24-09-45-5

Тау ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Алтынгүл Дамас ауыл бойынша соңғы алты айда атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша ірі кара малын тұқымдық түрлендіру мақсатында 4 шаруа қожалық қазақтың асыл тұқымды ақбас бұқасын алды. Ауылдың оңтүстік бағытынан жасанды тоған жасау үшін жер телімі белгіленіп, қазіргі таңда құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ауыз су құбырларын қайт құру жұмыстары басталған. Ауыл тұрғыны Батыр Дауф өз қаражатына үйінің ауласынан ені 5, ұзындығы 10 метр болатын жылыжай құрылысын жүргізіп, қияр, қызанақ, болгар бұрышы, салат жапырағы және көк пияз еккен. Мамыр айының он бірі күні алғашқы өнімдер алынып, бүгінгі күнге 10 келі қияр сатылып, салат жапырақтары мен көк пияз ауыл тұрғындарына саудаланды. Сондай-ақ Тау ауылына кіреберіс 0,5 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

image-21-05-24-09-45-2

Аудан басшысы Тимур Серікұлы аудан бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтіп, сөз кезегін тұрғындарға берді. Алдымен тұрғындар тарапынан сұрақтар болмады. Аудан әкімінің баяндамасына қаныққандай болды. Деп айтқанмен, сұрақ қоятындар табылды. Мәселен, Талғат Өтешев мал суару үшін қосымша тоғандардың керектігін айтты. Сонымен қатар ол киік кесірінен төрт-түлікке азық жинай алмай отырғанын, 200 бас ірі қараға субсидия алып, биыл мал азығы болмаса ол малды кері тапсыру керек болатынын жеткізді. Жаслан Зайнуллин болса, шөп шабуып алатын жер жоқ. Тау ауылдық округі бойынша резервта тұрған жерлерді уақытша шөп шауып алу үшін сұрады. «Қайрат» бөбекжайының директоры Алтынай Қарашина 1965 жылдан бері жөндеу көрмеген балабақшаның жырын қайта көтерді. Бұл мәселеге қатысты Тимур Серікұлы: - Қазіргі таңда аудандық білім беру бөлімі тікелей облыстық білім басқармасына бағынып, сол арқылы қаржыландырылады. Дегенмен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиевпен бірлесіп балабақшаны жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтадық. Қазіргі таңда смета облыстық мәслихаттың сессиясында қаралады. Егер сессияда қолдаса, қаржы бөлім жөндеу жқмыстары жүргізілетін болады, - деді.

Ауыл тұрғыны Таңат Сариев ауылда бұзылған үйлердің барын айтып, Соларды жөндеп алып, ауылға жастарды, мамандарды тарту керектігін айтты.

Кездесу соңында бірнеше ауыл тұрғыны әкімнің жеке қабылдауына жазылып, көкейдегі жеке мәселелерін шешуге ұмтылды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале