25.12.2023, 17:45
Оқылды: 53

Жәнібек ауданы әкімінің шыршасы өтті

Бүгін Жәнібек ауданы Т. Жароков атындағы мектепте «Қош келдің, жаңа жыл!» атты аудан әкімінің жаңа жылдық шырша думаны өтті. Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов дәлізде оқушылармен сәлемдесіп, олардың көңіл күйін сұрады.

FB_IMG_1703503210545

Аудандық туризм орталығының ұжымы тәттілер ұсынып, мектептен тыс жұмыс орталығы аяз атаның шеберханасын паш етті. Мұнда ауданымыздың он бес мектебінен келген отыз алты оқушыны ерекше думан күтіп тұрған еді. Жүргізушілер сахна төріне шығып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Биыл жаңа жыл кеші өзгеше сипатта болды. Нақтырақ айтсақ, ең сәнді және қолдан тігілген киіммен келген мектеп ұжымдары арасында байқау ұйымдастырылды. Оған ардагер ұстаздар қазылық жасап, соңында «Үздік жаңа жылдық киім» дайындаған ұжымды анықтады. Нәтижесінде жүлделі 3-орынды Ұзынкөл мектебі, 2-орынды Е. Ниетқалиев атындағы мектеп еншілесе, жеңіс тұғырынан №1 мектеп-лицейі көрінді.

FB_IMG_1703503220324

Әсем ән айтып, түрлі мультфильмдегі кейіпкерлерді сомдаған оқушылардың биінен соң аудан басшысы Тимур Серікұлы барша бүлдіршінді мерекемен құттықтады.

FB_IMG_1703503220324

- Жаңа жылдың ең ғажайып сәтіне де келіп жеттік. Санаулы күндерден кейін жаңа 2024 жыл басталады. Өткен жылда аудан оқушылары білімімен дараланып, көптеген жетістікке жетті. Ең бірінші жаңа жылдық шыршаны балалар күтеді. Жүздеріңізге қуаныш сыйлап, жаңа жылдың бөлек те ерек күйін сезіндіре алсақ, үлкен бақыт! Жаңа жылда жетістіктеріңіз көп болсын. Бақытты балалық шақ тілейміз, - деді аудан әкімі.

FB_IMG_1703503188806

Кеш соңында аудан әкімінің шыршасына қатысқан отыз алты оқушыға сыйлықтар мен 40 мың теңгелік сертификат берілді.

FB_IMG_1703503216322

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале