29.06.2025, 10:30
Оқылды: 330

Жәнібек ауданы: Қамысты ауылында су құбыры іске қосылды

Қамысты ауылындағы ауыз су мұнарасының тозығы жетіп, істен шығып, құлап, округте ауыз су беру тоқтап, төтенше жағдай жарияланған болатын. Аталған жағдайды аудан басшылығы қолға алып, тез уақытта төтенше жағдай мәселесі шешіліп, ауыз су құбыры бүгін іске қосылып, тұрғындарға ауыз су берілді.

image-28-06-25-11-25-2

Онымен қоса 19 маусым күні дәл сол ауылда ауа райының қолайсыздығына байланысты ауылдық мәдениет үйінің шатырын қатты жел ұшырып, қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

image-28-06-25-11-25

Жөндеу жұмыстары 30 маусымға дейін жалғасатын болады.
Аудан әкімі Тимур Шиниязов, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Аманғалиев аталған ауылдық округте болып, жағдайды бақылап қайтты.

image-28-06-25-11-25-1
Қамысты ауылдық округінің әкімі Оралбек Кенхановтың айтуынша, аталған жағдай туындаған кезде ауыл тұрғындары сабырлық сақтап, түсіністік танытты. Сол үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта осы жағдай үнемі бақылауда болатынын жеткізді.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале