Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов Күйгенкөл ауылына барып, халықтың дауысымен сайланған жаңа әкім Асылбек Базарбаевты ауыл тұрғындарына таныстырды.

Өз кезегінде аудандық-аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Хайырлиев куәлігін табыстап, сайлауда белсенділік танытқан елге алғыс айтты. Ауыл әкімдігінің бас маманы Саят Тарғынов та сөз алып, сәттілік тіледі. Жақсылық Каримоллаұлы:

- Алда білек сыбана кірісетін жұмыс көп. Ауылдағы шешімін табатын жұмыстарды бастап, халықтың ойымен санасып жүреді деген ойдамын. Тек сәттілік тілеймін, - деді өз сөзінде.

Айсұлу Жұмабай,
Жәнібек ауданы