2.07.2024, 19:00
Оқылды: 124

Жәнібек ауданы: «Мерейлі отбасының» жеңімпазы 5 шілдеде белгілі болады

Бүгін Жәнібек ауданы әкімшілігінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің комиссия отырысы болды. Комиссия төрағасы аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов сөз алып, байқаудың мақсаты адамгершілік құндылықтарды жаңғырта отырып, отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеу, отбасы мәртебесін арттыру екенін атап өтті.

image-02-07-24-06-14-1

​Байқаудың аудандық кезеңін өткізу үшін құрылған комиссия Жақсылық Каримоллаұлы мен дербес бөлімдердің басшыларынан тұрды. Аудандық комиссияға келіп түскен өтінімдер 2024 жылдың 15 мамыр – 15 маусым аралығында қабылданды. Аталған байқауға алты отбасы құжат тапсырды.

image-02-07-24-06-14

Атап айтсақ, Сүйінішевтер, Темірғалиевтер, Бимухановтар, Бексейітовтер, Қарабалиндер отбасы (Тау ауылы), Бисенғалиевтер отбасы (Ақоба ауылы). Еске сала кетсек, өткен жылы байқаудың облыстық кезеңінде аудан намысын қорғап барған Тау ауылынан Рахмушевтар отбасы болатын. Биыл да «Мерейлі отбасы-2024» байқауына қатысуға ниет білдіргендердің басым көпшілігі Тау ауылдық округінен. Комиссия қаралымына тапсырылған ақпараттық және бейне материалдардың арасынан іріктеп алу қиынға соқты. Дегенмен байқау шартына сәйкес облыстық кезеңге өтінім қалдырған алты отбасының екеуі ғана жолдама алатын болады.

image-02-07-24-06-14-3 (1)
Байқау нәтижесін жариялау мен жеңімпаздарды марапаттау салтанатты шарасы 5 шілде  күні Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.

Арай Сейфолла,
Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале