Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қауіпсіздікті сақтауда бағдаршамның қызметі зор. Түрлі түстер арқылы бағытты айқындайтын бағдаршам арқылы көлік қатынасы реттеліп, тұрғындар қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Аудан орталығы саналатын Жәнібек ауылындағы жолдың сапасы соңғы 2-3 жылдың көлемінде айтарлықтай жақсарды. Бұрынғыдай ой-шұқырлар жоқ, жаңадан асфальт төселіп, теп-тегіс жол салынды. Енді осы жолда көліктер жылдамдықты асырмай, қауіпсіздікті сақтауы тиіс.
Осы орайда А.Иманов пен М.Өтемісов көшелерінің қиылысында тағы бір бағдаршам орнатылды.

Бұған дейін үш бағдаршам орнатылған болатын.
Бағдаршам құрылғысын орнату бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде, мердігер мекеме анықталып, бағдаршам орнату жүмыстары жүргізілді. Бүгін бағдаршам құрылғысы іске қосылып, пайдалануға берілді.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы