4.11.2020, 9:48
Оқылды: 56

Жәнібек ауданы орталығындағы Абай көшесіне асфальт төселді

Ағымдағы жылдың ауырлығына қарамастан Жәнібек ауданында ауқымды жұмыстар молынан атқарылуда. Аудан орталығындағы жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар, ауыл арасындағы жолдар күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілуде.

E941DE2B-54DD-4316-9610-D9D076EF41A3

Солардың бірі - аудан орталығындағы Ұлы Абайдың есімін иеленген Абай көшесіне «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында асфальт төселіп, ашылу салтанаты өтті. Онда алғысөз аудан әкімі Азамат Сафималиевке беріліп, одан кейін Абай көшесінің тұрғыны, зейнеткер Ғайнөш Дегетаев сөз сөйлеп, шынайы ризашылығы мен алғысын білдірді.

365A06BF-CF58-4400-9C19-B4DA842FB6A5

Көше тақтайшасын ашу құрметіне аудан әкімі Азамат Сафималиұлы мен Ғайнөш Дегетаев ие болды. Сондай-ақ көше тақтайшасына Абайдың «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға» деген нақыл сөзі жазылған. Бұл біріншіден, аудан тұрғындарына еңбекті бағалауды насихаттаса, екіншіден, автокөлік жүргізушілеріне абайлап, ақырын жүр деген бағдаршамдай бағыт беріп тұр.

050AD887-1D72-4872-A155-C4785744EF67

Айта кетейік, жолдың жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізген «Konyr Servis БҚО» ЖШС-не аудан тұрғындары дән риза.

Гүлім Қабдолова,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале