5.01.2024, 16:16
Оқылды: 53

Жәнібек ауданы: тұрғындар тыныштығы маңызды

Жәнібек аудандық прокуратураның мәжіліс залында 2023 жылда атқарылған жұмыстар төңірегінде жиын өтіп, оған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

417173919_915725717223770_1074456868771459282_n

Прокурор Сәкен Молдашев төрағалық еткен жиынның мақсаты аудандық полиция бөлімімен бірлесіп қылмыстардың алдын алу және әкімшілік құқықбұзушылықтарға жол бермеу ісі бойынша жүргізілген шараларды талқылау болды. Ресми деректерге сүйенсек, 2022 жылы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар саны бақандай елу беске жеткен. Ал 2023 жылы қырық алты дерек анықталған.

Ауданымыздың тыныштығы және ешқандай қылмыстың орын алмауы өте маңызды. Ал оған бірден-бір жауапты - полиция қызметкерлері. Осы орайда прокурор Сәкен Сәрсенбайұлы биыл жүзеге асуы керек әртүрлі бағыттағы іс-шараларды жеткізді.

415958135_915725613890447_4551337838755889567_n

- Сіздердің мойындарыңызда үлкен жауапкершілік тұр. Аудан тыныштығын қадағалайтын әрі тікелей жауапты өздеріңіз екені белгілі. Сондықтан Ата заң аясында қызмет етіп, тексерісті күшейтіңіздер. Біз үшін тұрғындардың алаңсыз өмір сүргені ең маңызды. Сол үшін жанымызды салып жұмысқа кірісейік. 2022 жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстың саны азайған. Бұл өте жақсы, - деді ол өз сөзінде.

Жиында кең көлемдегі мәселелер айтылды. Сонымен қатар аудан прокуратурасы һәм құзыретті органдармен әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша хаттамалардың заңдылығына талдау жүргізілгенінен хабардар болдық. Мұнда азаматтарды негізсіз жауапқа тарту дерегі орын алған. Соңында аудан прокуроры Сәкен Молдашев заң жүзінде ғана жұмыстанып, барлығын ой елегінен өткізіп, кез келген іске салғырт қарамау керектігін қатаң ескертті.

416000075_915725673890441_3303403667746983584_n

Ақтілек Орынбасар,

Жәнібек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале