10.12.2023, 22:35
Оқылды: 48

Жәнібек ауданы: Ұзынкөл ауылының әкімі сайланды

Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатысты. Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 510 сайлаушының 84,7 %-ы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.

IMG-20231210-WA0122

Кандидаттар Айсұлу Абдоловаға қырық алты, Таңшолпан Ғазезоваға жиырма екі, Назар Шәріповке үш жүз қырық сегіз дауыс берілді. Дауыс беру нәтижесінде Назар Шәріпов Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Назар Шәріпов 1991 жылдың 21 маусымында Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы Экономика-құқық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының статисі болып бастаған. 2014-2017 жылдар аралығында Борсы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2018 жылдың сәуір айынан 2018 жылдың қазан айына дейін Ақоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2018 жылдың қазан айынан бастап Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылығы жұмыс бөлімінің бас инспектор-заңгері қызметін атқарып келді.

Жанұялы, отбасында үш қыз тәрбиелеп отыр.

Айсұлу Жұмабай,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале