3.02.2024, 10:00
Оқылды: 32

Жәнібек ауданы: «Жастардың сайлауда белсенді болғаны жөн»

Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасы бойынша жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Соған орай сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласының мамандары дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуын көздейді.

425454559_936784881784520_5046806342446348_n

Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу арқылы, қоғам санасында демократияландыру процесін жүйелеу, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы халықты хабардар ету мақсатында осы атаулы күнге орай ұйымдастырылған шараға жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Әбдірешева Мөлдір, аудандық, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Хаирлиев Жарқын Ғинатұлы, төраға орынбасары Руслан Нұралиев пен хатшысы Гүлмира Есниязова қатысты.

Жәнібек ауданындағы сайлау жүйесі бойынша және сайлау тарихы жөнінде Руслан Әлібекұлы баяндады.

- Ауданымызда құралған 1 аумақтық, 10 округтік, 19 учаскелік сайлау комиссиялары қалыпты жұмыс жасап келеді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы 7 адамнан, 10 округтік сайлау комиссиясының құрамы 50 адамнан, 19 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы 105 адамнан тұрады. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты тікелей сайлау бойынша 2021 жылы Ақоба және Күйгенкөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлаулары ұйымдастырылып, ауыл халқы өз таңдауларын жасады,- деген ол жастарға сайлауға қатысты нақты ақпараттар берді.

425449414_936785181784490_8502968625223011678_n

Сондай-ақ 2023 жылы Жәнібек, Ұзынкөл ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өткізілсе, ағымдағы жылы Күйгенкөл ауылы әкімінің кезектен тыс, Қамысты, Талов ауылдары әкімдерінің өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына орай сайлаулар өтетінін хабарлап өтті. Әрмен қарай сөз Мөлдір Сайфоллақызына берілді. Ол студенттермен әрдайым байланыста екендігін жеткізіп, сайлау жұмысында белсенді болуға шақырды. Жиын сұрақ-жауап айдарына ұласып, белсенді студенттерге диплом табысталды.

Райымбек Шапағат

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале