Биыл Жәнібек ауданына қарасты Борсы және Жасқайрат ауылдарында тротуар салу жоспарланған болатын. Осы орайда мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтіп, құрылысқа қажет материалдар жеткізіліп, Борсы ауылында жұмыстар сәуір айында басталып кетті.
Құрылыс жұмысы мамыр айында аяқталу керек. Салыну керек 1855 метр жаяу жүргінші жолының, қазіргі таңда тоқсан пайызы аяқталды.
«КанурСтройСервис» ЖШС-і жұмыстарды атқаруда. Бүгін аудан әкімі Борсы ауылында болып, жасалып жатқан жұмыстарды көріп қайтты.
Мердігерге жұмыстарды сапалы әрі уақытында тапсыруды тапсырды. Дәл осындай жұмыстар Жасқайрат ауылында жүргізілетін болады.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы