Жәнібек ауданындағы арнайы мониторингтік топ қоғамдық орындарда, сауда нысандарында маскалық режим мен санитарлық ережелердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейд жүргізіп келеді.
Аудан әкімдігінде аудан әкімнің орынбасары, штаб төрағасы Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті.
Жиында топ құрамының жұмысы, ауданда коронавирустық инфекцияға байланысты эпидахуалдың тұрақсыздығы сөз болды.
Бүгінгі таңда аудан бойынша вирус жұқтырғандар саны 45-ке жетті. Топтық құрам басқосу барысында мекеме, сауда нысандары, білім беру ұйымдарына бақылау жұмысын күшейту қажеттілігін айтып, ой-пікірлерін ортаға салды.
- Аудан тұрғындарына той-домалақ, қонақтық, садақа сынды жиындарды тоқтатын уақыт жетті. Тұрғындар санитарлық талапты қатаң сақтамайынша, ауруды жұқтыру деңгейі бәсеңдемейді, - деді Жақсылық Кәримоллаұлы.
Ә.Сірәлі,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz