13.09.2023, 15:00
Оқылды: 89

Жәнібек ауданында «Еуразиялық банктің» банкоматы орнатылды

F0659F0F-B56E-48AF-B723-66E5ECC037CF

Суреттегі ұзын-сонар кезекті байқадыңыз ба?

Бұл – зейнетақы мен жалақы түскенде «Ақжол» сауда дүкені маңынан бірден байқауға болатын көрініс. Енді аудан тұрғындары мұндай әуре-сарсаңға салынбайтын болады. Шалғай ауылдан келген еңбегін ақтап, тез әрі ешқандай артық комиссиясыз ақшасын алып кете береді. Ол үшін бар болғаны өзіңіздегі өзге банк картасынан «Еуразиялық банкке» көшсеңіз жетіп жатыр.

Бүгін аудандық мәдениет үйіне аталған банк банкоматы орнатылды. Аудан жұртшылығына жағымды жаңалықтың жаршысы болу үшін газет тілшілері барып, банкоматты орналастыру жұмысына куә болды.

EE8BFE1E-C16F-4F52-81A6-EACD0D5D91E5

Аталған орыннан табылған Денис Храмов банктың тұрғындар үшін тиімді тұстарын жеткізді. Ол өз сөзінде:

– Жәнібектіктер үшін өте қуаныштымын. Осыған дейін аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және өзге де бөлім басшыларымен жүздесіп банкомат орнату туралы талқылағанбыз. Ол үшін банк картасын пайдаланушылардың саны 100-ден асуы керек болды. Дегенмен, біз келіссөздер жүргізу арқылы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін оған да қарамадық. Алдағы уақытта аудан тұрғындары біздің банк картасын пайдалана жүріп, оның игілігін көреді деп сенеміз, - деді.

Ол банктің өзге де қызметтерін тізбелеп, ұялы телефонға «Smartbank» қосымшасын жүктеп алуды ұсынды. Жылдам қызмет көрсететін қосымша өзге банк картасына ақша аудару үшін комиссия алмайды.

Дәл осы банк тұтынушысы боламын десеңіз, «Еуразиялық банк» аудандық филиалына барып, Меңдібай Самодияновқа жолығасыз және қалаға бармай-ақ санаулы күндер ішінде картаңызды қолға аласыз.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале