Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде кеңейтілген лездеме өтті.
Оған бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Әдеттегі лездемені бастамас бұрын аудан басшысы Тимур Шиниязов аудандық жер қатынастар бөлімі басшысы лауазымына жаңадан тағайындалған Асқар Сәрсенғалиевті құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
Лездеменің күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Атап айтсақ, аудандағы кәсіпкерлікті дамыту шаралары бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев айтып өтсе, БҚО Кәсіпкерлік палатасы Жәнібек аудандық филиалдың атқарып жатқан жұмысы туралы аталған филиалдың басшысы Жасұлан Басиров баяндап берді. Сонымен қатар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрболат Садырбаев 25 қазан – Республика күні өтетін шаралардың жоспарын айтты. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова мерзімді баспасөзге жазылу науқанының басталғанына тоқталып, жергілікті және облыстық газеттерге қолдау көрсетуге шақырды. Сол сияқты аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев жылыту маусымы мен әр сенбіде өтіп жүрген сенбілікке кеңінен тоқталды. Одан бөлек халықты жұмыспен қамту шаралары хақында аудандық «Мансап» орталығының атаулы әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту бөлімшесінің басшысы Зухра Давлетчина баяндап берді. Сонымен қатар 20 қазан күні ауданға Білім инновациялық лицей мен Назарбаев зияткерлік мектеп өкілдерінің ауданға келуіне байланысты құрылған жұмыс жоспармен аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Аққу Нұрғалиева бөлісті.
Жиынды аудан басшысы Тимур Серікұлы қорытындылап, көтерілген мәселелер хаттамаға енгізілді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz